Меню KDT

logo.jpg?_=1712841087

КГУ «Средняя школа имени Динмухамеда Конаева» Шуского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • СТАТЬИ

    «Қыз қылығымен сүйкімді»

    10.10.2024
     
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Репродуктивті денсаулықты сақтау неден басталады?» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Директордың құқықтық ісі жөнініндегі орынбасары: А.Джуаспаева өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жеке бас гигиенасы,тазалық, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу жайлы сөз қозғады.
    Келесі кезекте сөз алған мектеп медбикесі Ә.Сырықбаева қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
    Бүгінгі шара мынадай мақсаттарды қамтыды:
    1. Өзін-өзі тану және дамыту – қыздарға өздерін тануға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесу.
    2. Эмоционалдық қолдау – қыздардың эмоциялық жағдайын жақсарту, стресс пен мазасыздықты жеңу жолдарын үйрету.
    3. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту – достық, отбасылық және мектептегі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.
    4. Өзін-өзі бағалау – өзін-өзі қабылдау және бағалау, сенімділікті арттыру.
    5. Жыныстық тәрбие және қауіпсіздік – жасөспірімдік кезеңде дене өзгерістерін түсіндіру, жеке қауіпсіздік пен жыныстық тәрбие туралы ақпарат беру.
    6. Қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттерді бойына сіңіру.




    «Адал Ұрпақ»

    16.10.2024
    Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын құрып, бекіту, жаңа құрамын сайлау және ант қабылдау рәсімі өтті.
    Клуб жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Тұрсымбай Алуа Әскербекқызы.
    Клуб басшысы 9 сынып оқушысы Мәдіхан Қорлан Алтайқызы.
    «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсат-міндеті:
    Мақсаты: Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру және де оқушылардың арасында әртүрлі іс-шаралар жүргізу;
    Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру.

    «Біз буллингке қарсымыз»

    17.10.2024
    Береке көзі — бірлікте»
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығына негізделген жоспар бойынша «Біз буллингке қарсымыз» атты іс шара 8-9 сыныптар арасында өткізілді.
    Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу,білу .Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.




    «Облыстық психологиялық қолдау орталығының ұйымдастырумен 14 қазан мен 14 қараша аралығында жүріп жатқан «ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ИНТЕРНЕТ» атты айлық жоспар аясында 5-11 сынып оқушыларының арасында «БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ»атты сынып сағаттары өткізілді.
    📌Мақсаты: Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернеттің кері әсері мен жағымды жақтарын балаларға түсіндіру.

    «Виртуалды әлемдегі бала болмысы»
    ✅Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі аудандық білім бөлімінің 1.11.2024 жылғы № 02-03/26-27 хаты негізінде «Виртуалды әлемдегі бала болмысы» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер.
    Күн тәртібінде:
    1. «Виртуалды әлемдегі бала болмысы!» мектеп директоры М.Т.Султанова
    2. «Интернет ойындарының қауіпі» - ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева
    3. «Ата-ана қолдауы –бала өмірін сақтайды»- мектеп психологы Г.Диханбаева
    Жиында ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін арттыру мәселесі сөз болды.
    Сондай-ақ, педагог-психологтар жасөспірімдердің интернетке тәуелділігінің, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты деңгейде екендігін анықтау мақсатында сауалнама алып, тренинг өткізді.

    «Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде» 3-5-сынып оқитын жасқырандықтар мектеп кітапханасына барып « Мемлекеттік рәміздер,елдігімнің реңі,теңдігімнің тірегі» атты көрмені тамашалады.
    Мақсаты:ұлттық рух пен патриотизмді дәріптеу, жалпыұлттық және рухани құндылықтарды нығайту, оқушылардың тіл байлығын дамыту.







    "Ұлттық киімім -мақтанышым"

    23.10.2024
    Кәзіргі қоғамда хиджап киіп, қара киімге оранғандардың саны көбеюде. Ұлтымыздың дәстүрлеріне сай келмейтін, ұлттық санамызды улап жатқан, өзге ұлттың киімін дәріптеп, өз ұлтының тамырына балта шабушылар саны азаяр емес. Осы орайда мектепте “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “ Қыз Жібек” кыздар клубының ұйымдастыруымен Қазақ қыздарының ұлттық нақыштағы киімдерін насихаттау мақсатында,  "Ұлттық киімім -мақтанышым" челленджі өтті. 



































    Әже -қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

    08.11.2024
    🌷Әже - қазақы тәрбиенің бастау бұлағы🌷
    Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “ Даналық мектебі” жобасын іске асыру бойынша “Әжелер мектебі” жұмыс жасайды. Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әже мектебі еді. Қазір ол жойылудың аз-ақ алдында тұр. Тіпті «әже» деген жаныңа жақын аяулы атаудың өзі де көп жағдайда жалпыға ортақ «апаға» ауысқан.Осы орайда мектепте әжелеріміздің бала тәрбиесіне берері көп, өмірден көргені мен түйгені мол асыл әжелеріміздің ертегі айтып бала бойына тазалық пен даналықты ұялатар әжелеріміз көп болсын.Осы орайда метебіміздің зейнеткер ұстазы, 6 немеренің ақ әжесі : Биримкулова Ж.Т.
    Мақсаты:Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәнін әжелер сепкен.

    "Есірткісіз болашақ"

    17.09.2024
    Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінде "Есірткісіз болашақ" акциясы өтілуде.
    Акцияның мақсаты: - жастар арасында 21 ғасырдың аса қауіпті дерті болып саналатын синтетикалық есірткі заттарының таралу деректерін тоқтату. нашақорлықтың алдын-алу және есірткі қылмысына жол бермеу.
    Аталған акцияның аясында өзін -өзі басқару ұйымының спорт жөне салауатты өмір салты фракциясының мүшелері мектеп медбикесімен бірлесіп мектептің маңайында орналасқан дүкен-ғимараттардың сыртына тақырыптық үн қағаздарын іліп, мектеп оқушыларына бүктемелер таратты. Дүкен сатушыларына жасөспірімдерге алкогольдік және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынатынын ескертті.
















    Өнегелі 15 минут

    ӨНЕГЕЛІ 15 МИНУТ
    🔰Қыркүйек - Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
    🔹Қыркүйек айының 3-аптасының дәйек сөзі:
    “Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс”
    🕒 "Өнегелі 15 минут" айдарынан
    👩🏻‍🏫 Сынып жетекшісі: И.Б.Омарова
    ▪️7-сынып оқушысы: Қайрат Инабат

    Есірткісіз болашақ

    17.09.2024
    Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінде "Есірткісіз болашақ" акциясы өтілуде.
    Акцияның мақсаты: - жастар арасында 21 ғасырдың аса қауіпті дерті болып саналатын синтетикалық есірткі заттарының таралу деректерін тоқтату. нашақорлықтың алдын-алу және есірткі қылмысына жол бермеу. Акцияның жоспарына сәйкес 8 сынып оқушыларына "Скажи "НЕТ" наркотикам" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. балалармен "тәуелділік" сөзінің мағынасы талқыланып, нарко тәуелділіктің пайда болу жолдары қарастырылды. Балалар өз ойларын жеткізіп, өздерінің пікірлерін жеткізе білді. Оқушылар есірткіге тәуелді болу -ол өзін сыйламау, өз өміріне жауапкершілікпен қарамау деп тақырыпты қорытындылады.


    Бала қауіпсізідігі - басты назарда

    БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
    Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді алаңдатып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрін жасауға дейін бейімделетінін ескерсек, бұл қоғамда үлкен өзекті мәселеге айналатыны белгілі.
    ✅Осы ретте, Шу ауданы Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде мобильді топ мүшелері- Шу аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадыр Нұрлыхан Мұратұлы, АПБ ЖПҚТ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тойбаевпен және 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
    Күн тәртібінде
    1.Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі -
    Шу аудандық прокуратурасының прокуроры - Бахадыр Нұрлыхан
    Мұратұлы.
    2. «Мектепте әлімжеттікпен бопсалауға жол жоқ» -Шу АПБ ЖПҚТ
    Бірінші мәселе бойынша Бахадыр Нұрлыхан Мұратұлы сөз алып -Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Құқық бұзушылық дегеніміз - қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Қазір кез келген оқиғаның тез тарайтын уақыты. Әлеуметтік желілерге кіре қалсаң, бірін-бірі тепкілеген, ұрып-сабаған жастардың, ұл-қыздардың видеосын көресің. Ең сорақысы, адамдар төбелесті, жанжалды қызықтап, көмекке келудің орнына видеоға түсіріп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, бір-бірімізге жанымыз ашымайтын болған. Ал осындай көріністердің соңы немен аяқталады? Әрине құқықтық жауапкершілікпен. Осыған орай сіздерді құқық бұзбай, бір-біріңізге сыйластықпен қарауға ұсынамын.-деп жеткізді.
    Жиынның екінші мәселесі бойынша ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Тойбаев - мектептің ішінде әлімжеттік көріністері, қорқытып ақша жинау фактілері орын алу жағдайы қатаң бақылауға алынатынын ескертті.
    ✅Кездесу барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, заң аясында жасөспірімдер құқық бұзушылық жасағанда қандай жауапкершілік қарастырылған және қандай тәртіп бойынша өтеуі бар екендігі туралы толық баяндама жасалды.
    Шынында, баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Қауіпсіз қоғам, тыныш тіршілік бәріміз үшін.
    Бала - қауіпсіздігі басты назарда!

    2023-2024 оқу жылын аяқтау туралы

    17.05.2024
    ХАБАРЛАНДЫРУ!
    АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
    ✅Шу ауданы “Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай…..
    🎯 24 мамыр күні мектепте 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма!” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Мұнда сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды.
    🎯 БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА 25 МАМЫР КҮНІ “МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!” ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕДІ.
    🎯 Сондай-ақ биылғы оқу жылында бірінші рет “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнінен 5-8, 10 сынып оқушылары емтихан тапсырады. Емтихандар 27 мамырда басталады.
    🎯 Қорытынды бітіру емтихандары 9 сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында, 11 сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 28 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
    ❗️❗️Е С К Е Р Т Е Д І❗️❗️
    ❌Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
    ❌Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
    ❌Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
    ❌Оқушылардың өзен жағасына баруына тыйым салынады.
    ❌Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
    ✅Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.
    Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы- МІНДЕТ!
    Құрметпен мектеп директоры: М. Т. Султанова

    Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінің жолдаған челленджі

    20.05.2024
    Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында, Шу аданының білім бөлімінің тапсырмасы негізінде Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары "Бес нәрседен қашық бол!" тақырыбымен М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің оқушыларына челлендж жолдады.
    Челлендждің мақсаты - балалардың бойына жақсы қылықтарды қалыптастыру, құқық бұзушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

    Зиянды әдеттерден аулақ бол!

    12.02.2024
    Д.Қонаев атындағы орта мектебінде құқықтық кеңес беру айлығы өтілуде.
     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки