Көнекөзқарттардың айтуынша «Төртінші бөлімше» ауылының іргесін қалаушы болып, 1902 жылы Ресейден қоныс аударған Чечеловтар мен Бутенко отбасылары есептелді.
Осы аталған ауылдан 1 шақырым қашықтықта «Қызыл көктем» деп аталатын бөлімше орналасқан еді. Бұл екі ауыл бірнеше қоныстан құрылған. Тұрғындары Ресейден келіп, қасиетті қазақ даласынан жералуға дәмесі бар отырыстар еді.
«Төртінші бөлімшенің» өсуіне Ресейдің орталық аудандарынан жер аударылғандардың екеуі үлкен ықпал жасады. Бұл даму әсіресе 1905-1907 жылдарғы бірінші орыс революциясынан кейін қарқынын үдетті... Ауылда мектеп үйі жоқ болатын. Алайда, балаларға санау, оқуды үйрету керек еді. Осы себепті жүрегін жылылық лебізі билеген ұстаздар балаларды үйлеріне оқытты.
1904-1905 жылдары алғашқы 1 жылдық мектеп салынды. Бұл мектеп үйі Абылайхан (бұрынғы Ленин) көшесінде орналасқан болатын. 5-10 оқушыны құрайтын сыныптарда сабақ 1,5-2 сағаттан артық өткізілмейтін. Бірнеше жылдан кейін Оңласынов (бұрынғы Октябрьская) көшесінде 4 бөлмелі мектеп үйі пайда болды.
Бұл үйдің 2 бөлмесі мұғалімдер жатағы болса, қалған екі бөлмесінде сабақ өткізілетін болды.
1929 жылғы мектеп үйі.
Осы мектептің алғашқы ұстаздары Ларгин Иван Дмитриевич және Верзун Яков Петрович.
Төменде көрсетілген суреттегі екі қабатты мектеп ғимараты 1938 жылы салынды. Бұл мектептің оқу бөлмелері кең, жарық еді. Білім алу 7 жылдық болды.
1940 жылдары орта мектеп болып , білім беру орыс тілінде жүргізілді. Сынып оқушыларының саны 10-15 оқушыны құрайтын.
Ауыл халқының саны 1938-1944 жылдары шешен, әзірбайжан, түрік халқын Қап тауынан кең-байтақ қазақ жеріне еріксіз күштеп көшіруге (депортация) байланысты күрт өсті.
Оқушы сананың өсуіне қарай тағы бір 4 бөлмелі мектеп үйі қажет болды. Ол 1954 жылы салынды. Енді оқу жүйесі екі ауысымдық болып, білім беру екі тілде, қазақ және орыс тілінде жүргізіле бастады. Осы жылдары мектепте қазақ тілінде алған түлектердің қолына алғашқы қазақша куәліктер тапсырылды.
1955 жылға дейін «Ворошиловка» аталып келген ауыл аты Ленин ауылы болып өзгертілуіне байланысты мектепке «В.И.Ленин атындағы орта мектеп» атауы берілді.
1965 жылы жоғарыдағы суреттегі мектептің екінші корпусы салынды.
Ата-баба ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткен соң, 1992 жылдың маусым айында мектепке ХVІІІ ғасырдың ұлы тұлғасы, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломаты әз Төле би Әлібекұлының есімі берілді. Осындай құрметті есімді әрқашан ардақтап жүру үшін , мұғалімдер мен оқушылардың қолымен Төле бабаға арналған мұражай бөлмесі жасалды. Бұл мұражайда қазақ халқының өміртарихы туралы көптеген мағлұмат жиналды. Көркем оқу, тәрбие сағаты, конференция кездесулер өткізілетін бұл мұражайдың тәрбиелік мәні күн сайын артып келеді. 1991 жылы бірінші компьютерлік бөлме ашылды, қазіргі уақытта екі компьютерлік кабинетте 7-11 сынып оқушылары компьютерлік техниканы меңгеруде.
2005 жылы мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. 2020 жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. 114 жыл ішінде осы ұжымды ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты талай білікті педагог – директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек. Олар:
1 1905-1916жж Ларгин И.Д
2 1917-1926жж Верзун Я.П
3 1926-1930жж Проскурин А
4 1930-1934жж Криворучко Г
5 1934-1938жж Хазиев А
6 1938-1941жж Мустафин А
7 1941-1945жж Куперман
8 1945-1948жж Саулебаев
9 1948-1950жж Амирханов
10 1950-1951жж Ким М.И
11 1951-1952жж Пак Н.К
12 1952-1955жж Ким Н.И
13 1955-1960жж Ахмеджанов А.А
14 1960-1971жж Мукатаев Ж.А
15 1971-195жж Нургалиев Б.Н
16 1975-1976жж Есенбаев Е.Е
17 1976-1979жж Жарылкапов К.Ж
18 1979-1982жж Айтжанов Б.С
19 1982-2005жж Сафаров М.С
20 2005-2010жж Бахтиярова А.А.
21 2011-2013жж Әбенов Ж.Ә
22 2013-2015жж Мырзаханов К.С
23 2016жылдан бері Султанова М.Т Осындай І- ғасырлық тарихы бар мектеп, қазіргі заманның өмір талабына сай өзгерістер мен жаңалықтарды ұтымды пайдалана отырып, өз түлектеріне сапалы білім берудегі істерін жалғастыра береді деген сенімдеміз.
Орыс тілінен аударып жинақтаған: Төребаев Талғат Ноғайгелдіұлы.
Басып шығарған: Мақашев Абдрахман Сағындықұлы.