Меню KDT

logo.jpg?_=1712841084

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    мектептің ас мәзірі

    Мектептің бекітілген ас мәзірі

    ыстық тамақпен қамту тізім

    ауыл әкімшілігімен келісілген ыстық тамаққа қамтылатындардың тізімі

    Бракераж комиссиясын құру бұйрығы

    10.09.2024
    мектепте Брокераж комиссиясы құрылып бекітілді

    әлеуметтік көмек көрсетілген оқушылар туралы

    Дінмұхамед Қонаев атындағы орта  мектебіндегі

    2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік көмек көрсетілген оқушылар туралы мәлімет

    Жалпы білім беретін мектептердегі білім  алушылар мен

    тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына  тегін  және жеңілдетілген тамақтандыру туралы анықтама

     

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 қарашадағы  №993 қаулысына қосымша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы №64 қаулысы,  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы     4 бабының  21тармақшасына сәйкес

      Дінмұхамед Қонаев атындағы орта  мектебінде 2024-2025 оқу жылының басында ауыл әкімшілік аппаратының бас маманы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Мамбетова, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог Г.К.Мамбеткулованың қатысуымен оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтап, бір мезгіл тегін ыстық тамақ алушы көпбалалы, азқамтылған отбасынан шыққан оқушылардың тізімдері дайындалды.

     Мектеп бойынша жалпы 57 отбасыдан 130  білім алушы тізімге алынған. Оның ішінде  мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан,  білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын тәрбиеленушілердің басқа санаттарына жататын отбасынан шыққан балалар бар. Әлеуметтік жағдайы бойынша: Азқамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан -  88, АӘК-33, жетім-8, қамқорлықта -1 оқушы қамтылған. Барлығы 130 оқушы. Жалпы 1-4 сыныптар  446 оқушы тамақтанады.

    Шу ауданы білім бөлімінің 25.07.2024 жылғы  №513 бұйрығын негізге ала отырып Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде «2024 жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. «Мектепке жол» акциясы барысында 1-27 тамыз аралығында ауылымыздың жеке кәсіпкері «Нұр-2000» ЖШС басшысы Оспанов Сәбит Жұмаханұлы  демеушілік көрсете отырып екі оқушыға мектеп формасын, сумкалары, аяқ киімдерін және мектепке керекті құрал жабдықтарын толықтай алып берді.  Осы акция барысында  ауылымыздың тұрғындары  жеке кәсіпкер  Мұхит Садырбаев, ақсақалдаралқасының төрағасы Қайранов Болат Алпысбайұлының демеушілігімен  екі оқушыны  мектеп формасымен, сумкалары, аяқ киімдерін және мектепке керекті құрал жабдықтармен  толықтай қамтамасыз етті.

    Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің 2024-2025 жылғы тамыз айында аз қамтылған және көп балалы отбасы ата-аналарынан түскен өтініштер бойынша жалпыға міндетті оқу қорынан қаржылай көмек көрсетілді. Мектеп бойынша жалпы 56 отбасыдан 133 білім алушы тізімге алынған. Жоғарыда көрсетілген санаттағы балалар үшін жалпыға міндетті оқу қорынан әрбір бала үшін 47 398 (қырық жеті мың үш жүз тоқсан сегіз мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

    Қаржылай көмек алған ата-аналар аталған қаржыға мектеп жасындағы балалары үшін мектепке қажет құрал жабдықтарын және киім кешектерін сатып алғаны бойынша өз есептерін әлеуметтік педагогқа ұсынды (фотоотчет, чек).

     

                                

     

    Әлеуметтік маман:                      Г.К.Мамбеткулова  

    қыркүйек айы бойынша оқушылардың тамақтануы

    қыркүйек

    Дінмұхамед Қонаев атындағы орта  мектебі

    2024-2025 оқу жылы

    Жалпы білім беретін мектептердегі білім  алушылар мен

    тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына  тегін  және жеңілдетілген тамақтандыру туралы қыркүйек айына анықтама

     

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 24 сәуірдегі  №158 бұйрығы негізінде,   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы №64 қаулысы басшылыққа ала отырып,  мектеп бойынша бала саны – 1267 оқушы. Оның  ішінде   1-оқушы қамқорлыққа алынған, 67- алқа шешім, 20- табыс, 8-жетім,  АӘК-34 бала. Барлығы 130  оқушы мектеп асханасынан  бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған. Мектеп асханасынан  азқамтылған  отбасы балалары, жаппай 1-4 сыныптарда 446  оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуы  туралы  және  оқушылардың бір мезгіл  тамақтануына байланысты  5 сыныптар  екінші ауысымға, 4 сынып оқушылары бірінші  ауысымға ауыстырылды. Бұл оқушылардың  құжаттары мемлекеттік стандартқа сай рәсімделіп, бекітілген.                                                                                                                                                                                                                                                       Комиссия мүшелерімен бірлесе отырып тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, актілер толтырылды. Мектеп асханасына оқушылардың екі ауысымда тамақтану кестесі, мұғалімдердің кезекшілік кестесі бекітіліп, ілінді. Күнделікті ас мәзірінің сынамасын мектеп медбикесі М.Жасұзақова алып тұрады сонымен қатар айлық және бір күндік ас мәзірі бекітіліп асхана бұрышына ілініп тұрады.  Әкелінетін  ай сайынғы азық-түліктің сапасының  талапқа сай екендігі, асхананың жабдықталуы, ас сақтайтын қоймалар, тоңазытқыштардағы сақталатын азық-түліктің көршілестігі қадағаланып, тамақ сапасын бақылайтын брокераж комиссия мүшелері тамақ  сапасын күнделікті тексеріп тұрды.   

     

    Ұсыныс: Мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың сапасы мектеп                              оқушыларының  тамақтануы комиссия мүшелері  тарапынан үнемі қадағалауда болса .

     

     Әлеуметтік  маман: Г.К.Мамбеткулова  

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки